Ұлттық қордан балаларға биыл қанша доллар аударылады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Дубайдағы қанды төбелес: өзбекстандық сегіз азамат өмір бойына сотталды

Дубайдағы қанды төбелес: өзбекстандық сегіз азамат өмір бойына сотталды
Фото: Ашық дереккөзі

Дубай соты 2025 жылғы сәуірде автожанармай құю бекетінде болған жаппай жанжалға қатысты Өзбекстанның 9 азаматына үкім шығарды, деп хабарлайды Kznews.kz.

Өзбекстан Сыртқы істер министрлігінің ресми дерегінше, 8 адам өмір бойына бас бостандығынан айырылып, тағы 1 азамат 25 жылға сотталған.

Оқиға Дубайдағы жанармай құю бекетінде болған. Тергеу нұсқасына сәйкес, жанжал екі топ арасындағы бұрыннан бар кикілжіңнің ушығуынан шыққан. Жәбірленушілердің бірі көліктің дөңгелегінің желін тексеріп, үрлеуге тоқтаған сәтте бірнеше адам жабылып, соққыға жыққан. Ал екінші жәбірленуші қашып құтылуға ұмтылғанымен, көп ұзамай ұсталып қалған.

Қайғылы оқиғаның салдары ауыр болған. Азаттық келтірген мәліметте екі өзбекстандық қаза тапқаны айтылады: бірі пышақ жарақатынан оқиға орнында көз жұмса, екіншісі комаға түсіп, кейін ауруханада қайтыс болған.

Күдіктілерді анықтауға бейнебақылау камераларының жазбалары мен куәгерлердің түсініктемелері негіз болған. Dubai Police оларды басқа бір әмірліктегі қонақүйден ұстап, төбелеске барлығы 11 адамның қатысы барын хабарлаған. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, сұрақ-жауап кезінде ұсталғандар бұған дейінгі “түсініспеушіліктерді” себеп ретінде келтірген. Іс материалдары кейін прокуратураға жолданған.

Үкім бойынша Өзбекстан СІМ Дубай сотының 2026 жылғы 21 қаңтарда шешім шығарғанын нақтылап, 8 азаматқа өмір бойына бас бостандығынан айыру, 1 азаматқа 25 жыл түрме жазасы тағайындалғанын мәлімдеді. Министрлік дипломатиялық өкілдіктер істі бақылауда ұстап, сотталған азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін қажетті шаралар жүргізіліп жатқанын да жеткізген.

Ал желіде тарап кеткен “6 адам өлім жазасына кесілді” деген ақпаратты СІМ ресми түрде жоққа шығарды. Kun.uz келтірген түсіндірмеде ведомство бұған дейін тараған, тіпті министрлік ішіндегі дереккөз “растаған” мәліметтің қате болғанын ашық мойындаған. Яғни, ресми түпкілікті дерек – өмір бойына сотталған 8 адам және 25 жыл алған 1 адам.

Ақпарат ағынында тағы бір фактор әсер еткен болуы мүмкін. Азаттық 2024 жылғы қарашада Дубайда израильдік раввиннің өліміне қатысты басқа іс бойынша 3 өзбекстандыққа өлім жазасы кесілгенін бұрын хабарлаған. Осы секілді бөлек істердің қатар айтылуы қоғамда деректердің шатасуына түрткі болғаны ықтимал.

Автор
Дархан Тоқан

Журналист. Блогер. Фрилансер