KZNEWS.KZ
Әлем

Дубай әуежайы маңына дрон құлап, шетелдік азаматтар жарақат алды

• Айгерім Асылова
Фото: Dubai Media Office

Дубай халықаралық әуежайының маңында екі ұшқышсыз басқарылатын аппарат құлады, деп хабарлайды kznews.kz.
Төрт адам түрлі дәрежедегі жарақат алды. Олардың барлығы шетелдіктер. 

    — Гананың екі азаматы және Бангладештің бір азаматы жеңіл жарақат алды. Үндістанның бір азаматы орташа дәрежедегі жарақат алды, — деп хабарлады Дубай Медиакеңсесі. 

Әмірліктің қоғам және БАҚ-пен байланыс жөніндегі ресми органы әуе қатынасы қалыпты режимде жұмыс істеп тұрғанын қосып өтті. 

Осыған дейін Дубай халықаралық әуежайы жұмысын тоқтатқаны хабарланды. 

Сондай-ақ Air Astana наурыздың соңына дейін Дубайға рейстерді тоқтататынын жаздық.  Ал FlyArystan Ақтау — Дубай бағыты бойынша рейстерді 31 наурызға дейін тоқтатты. 

Еске салсақ, Таяу Шығыстан 9517 қазақстандық оралған еді. 

Айгерім Асылова
Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.
Автордың басқа материалдары →