«Сергек» – құрал ғана: «Әділет» партиясы құқықтық мәдениетті қалыптастыруға шақырды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

ДСМ: сифилис жұқтырғандар саны 3,9 пайызға өскен

ДСМ: сифилис жұқтырғандар саны 3,9 пайызға өскен
Фото: ашық дереккөздерден

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, жекелеген өңірлерде жұқпалы жыныстық аурулардың көрсеткіші көбейген.

Атап айтқанда, 2026 жылдың алғашқы тоқсанында сифилиспен алғаш рет сырқаттану 3,9 пайызға өсіп, 100 мың адамға шаққанда 9,4 жағдайға жеткен көрінеді. Ал аурудың анықталуы бойынша барлық 20 өңірдегі көрсеткішті салыстырғанда, он аймақта ауру жұқтыруы дерегі артқаны байқалған.

Статистикалық мәліметтерге қарасақ, алғаш рет анықталу бойынша жоғары өсім Атырау облысында тіркелген, аймақта сифилис таралуы 4,9 есеге көбейген. Сондай-ақ, Қызылорда облысында да 4,5 есеге дейін жұқпалы аурудың анықтау өскен. 

Жалпы, сифилис бойынша тіркелген деректердің үлесінде Шымкент қаласы алда тұр, көрсеткіш 72,5 пайыз болды. 

Сондай-ақ, Қарағанды облысындағы көрсеткіш 33,7 пайызға , Жетісу облысында 27,1 пайызға және Шығыс Қазақстан облысында 27,3 пайызға төмендеген.

ДСМ дерегінше жыныстық аурулардың таралуына ұзақ мерзімді статистикада оң динамика бар екен. Мәселен, 2021 жылдан бері алғаш анықталған сифилис жағдайлары 29,5 пайызға азайған. Ал 2025 жылы елде шамамен 1,7 мың жаңа жағдай тіркелген екен.

Айтпақшы, мамандар сифилис жұқтырған адамдар уақытында емделмесе, инфекция жүйке жүйесін, миды және басқа да ағзаларды зақымдауы мүмкін екенін еске салады. Демек, жекелеген өңірлердегі күрт өсім ауруды ерте анықтау, профилактика және медициналық тексеруді күшейту қажеттігін көрсетеді.

Автор
Қалмаханбет Мұқаметқали

Қалмаханбет Мұқаметқали, журналист. І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің түлегі. Журналистикада 33 жыл еңбек етуде. Еңбек жолын аудандық газетте бастап, республикалық басылымдарда басшылық қызметтер атқарған.