Шикізат шырмауынан шығуға жанталас: агроөнеркәсіп кешенінің дамуына не кедергі?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Досымжан Таңатаров: Қызым тұрмысқа шығатынын айтқан соң, жігітті іздеп таптым...

Досымжан Таңатаров: Қызым тұрмысқа шығатынын айтқан соң, жігітті іздеп таптым...
Ашық дереккөз

Эстрада әншісі Досымжан Таңатаров қызының тұрмысқа шығатынын білген кездегі алғашқы реакциясын және болашақ күйеу баласымен қалай танысқанын айтып берді, деп хабарлайды kznews.kz.

Өнер иесінің айтуынша, ол қызы айтқан бойда жігіттің телефон нөмірін өз бетімен тауып, арнайы шақырып, еркекше отырып сөйлескен.

"Қызым тұрмысқа шығатынын айтқан соң, алдымен жігітті іздеп таптым. Телефон нөмірін тауып, өзім шақырып, жеке әңгімелестім. Өзі маған ұқсайды екен. Келгеннен кейін оған: "Далада жатқан адам жоқ, сен де ерігіп жүрген жоқсың. Бар мәселені ашық айтайық. Менің қызым сен ойлағандай тым идеал емес, өзіне жетерлік еркелігі бар. Соның бәріне шыдай аласың ба? Азамат ретінде жауапкершілік алып, ие бола аласың ба?" – деп турасын айттым. Осылайша бір жарым сағат сөйлестік. Жігіттің мінезі көңілімнен шықты. Кейін бұл туралы қызымның өзіне де айттым", – деді Досымжан Таңатаров.

Автор
Азамат Қойшығара

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері - kznews.kz сайтының тілшісі.