KZNEWS.KZ
Жаңалықтар

Досхан Жолжақсынов 75 жасқа толды: Мерейтойға танымал тұлғалар жиналды

• Қайсар Қанат

Досхан Жолжақсынов саналы ғұмырын қазақ театры мен киносының дамуына арнаған. Ол актер ретінде көрерменге көптеген есте қаларлық образ ұсынып, кейін режиссерлік салада да өзіндік қолтаңбасын қалыптастырды.

Өнер иесі «Гауһартас», «Даладағы қуғын», «Көшпенділер», «Біржан сал» секілді фильмдердегі рөлдерімен көпшілікке кеңінен танылды. Ал режиссер ретінде «Біржан сал» және «Құнанбай» секілді тарихи туындылардың жарыққа шығуына атсалысты.

Әлеуметтік желіде тараған мерейтойдан түсірілген видеолардан салтанатты кешке белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері Иманғали Тасмағамбетов, Қырымбек Көшербаев және Қуаныш Сұлтановтың қатысқанын көруге болады.

Мерейтой барысында Досхан Жолжақсыновтың қазақ мәдениеті мен ұлттық кинематографияға қосқан көпжылдық үлесі сөз болып, өнер иесіне жылы лебіздер айтылды.

Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та Досхан Жолжақсыновты 75 жас мерейтойымен құттықтаған еді. Мемлекет басшысының құттықтауын Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды жеткізген.

Дереккөз: Ulysmedia.kz

Қайсар Қанат
Журналист. Блогер. Фрилансер
Автордың басқа материалдары →