“Бұл қаланы жақсы көремін“ - Рыбакина Алматы туралы жылы лебіз білдірді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Досхан Жолжақсынов 75 жасқа толды: Мерейтойға танымал тұлғалар жиналды

Досхан Жолжақсынов 75 жасқа толды: Мерейтойға танымал тұлғалар жиналды

Қазақстанның халық әртісі, актер әрі режиссер Досхан Жолжақсынов 75 жасқа толды. Өнер иесінің мерейтойына орай ұйымдастырылған салтанатты жиынға белгілі мәдениет өкілдері, қоғам және мемлекет қайраткерлері қатысты.

Досхан Жолжақсынов саналы ғұмырын қазақ театры мен киносының дамуына арнаған. Ол актер ретінде көрерменге көптеген есте қаларлық образ ұсынып, кейін режиссерлік салада да өзіндік қолтаңбасын қалыптастырды.

Өнер иесі «Гауһартас», «Даладағы қуғын», «Көшпенділер», «Біржан сал» секілді фильмдердегі рөлдерімен көпшілікке кеңінен танылды. Ал режиссер ретінде «Біржан сал» және «Құнанбай» секілді тарихи туындылардың жарыққа шығуына атсалысты.

Әлеуметтік желіде тараған мерейтойдан түсірілген видеолардан салтанатты кешке белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері Иманғали Тасмағамбетов, Қырымбек Көшербаев және Қуаныш Сұлтановтың қатысқанын көруге болады.

Мерейтой барысында Досхан Жолжақсыновтың қазақ мәдениеті мен ұлттық кинематографияға қосқан көпжылдық үлесі сөз болып, өнер иесіне жылы лебіздер айтылды.

Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та Досхан Жолжақсыновты 75 жас мерейтойымен құттықтаған еді. Мемлекет басшысының құттықтауын Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды жеткізген.

Дереккөз: Ulysmedia.kz

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер