KZNews.kz
Қоғам

Дөнерхана Темірлан Анарбековке ерекше сыйлық жасады

Абзал Бахытжан
Сурет: Темірлан Анарбековтің instagram парақшасынан

Қарағандыдағы дөнерхана Темірлан Анарбековке бір жылдық дөнер қорын сыйлады, деп хабарлайды KzNews

Қарағанды қаласындағы «Siyoma Kafishka» дөнерханасы «Қайрат» футбол клубының қақпашысы Темірлан Анарбековке ерекше сыйлық жасауды шешті.

Дөнерхана әлеуметтік желіде бейне жариялап, «Қайрат» пен «Селтик» ойынынан кейін бас жаттықтырушыға көлік, қақпашыға тек ноутбук берілгенін әділетсіз деп санап, өздері спортшыға қолдау көрсететінін мәлімдеді. Олар бас жаттықтырушыға 5000 теңгелік сертификат, ал Темірланға бір жылдық дөнер қоры беретіндерін айтты.

Темірланның өзі де бұл жазбаны көріп, «Рахмет» деп пікір қалдырды.

Абзал Бахытжан
Автордың басқа материалдары