Нобель комитеті саясаткерді «Венесуэла халқының демократиялық құқықтарын ілгерілетуге қосқан үлесі үшін»марапаттады.
Мәлімдемеде:
«Мария Корина Мачадо елінде еркін сайлау мен азаматтық құқықтарды қорғау жолында батыл күрес жүргізіп келеді», – делінген.
Бұған дейін Нобель сыйлығына АҚШ бұрынғы президенті Дональд Трамптың да үміткер болғаны хабарланған. Алайда комитет демократиялық қозғалыстың символына айналған Мачадоны лайық деп тапты.
Мачадо – Венесуэладағы оппозицияның басты тұлғаларының бірі әрі президент Николас Мадуроның ашық сыншысы. Ол бірнеше рет саяси қуғын мен қысымға ұшыраған. Мемлекеттік сайлауларға қатысу құқығынан айырылғанына қарамастан, демократиялық өзгерістер үшін күресін тоқтатпаған.
Мария Корина Мачадоның Нобель бейбітшілік сыйлығын алуы – Венесуэладағы азаматтық қоғамның және демократия үшін күрестің халықаралық деңгейде мойындалуы болып отыр.