Усть-Лугадағы жаппай төбелес: үш қазақстандық тергеуде қалып отыр
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Дмитрий Баландин Словениядағы турнирде екі алтын жеңіп алды

Дмитрий Баландин Словениядағы турнирде екі алтын жеңіп алды

Словенияда жүзуден әлем чемпионаты мен Олимпиада ойындарына іріктеу санатына жататын халықаралық турнир басталды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бірінші жарыс күнінде қазақстандық спортшылар 11 медаль жеңіп алды. Дмитрий Баландин 50 және 200 метрге брасс әдісімен жүзуден чемпион атанды. Сондай-ақ, еркін әдіспен 50 метрге жүзген Александр Варакин де тұғыр бигінен көрінді. Осы бағдарламада Әділ Қасқабай үздік үштікке енген.

Аделаида Пчелинцева 50 метрге брасс әдісімен жүзуде жеңімпаз атанса, Әділбек Мусин 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуден екінші орын иеленді.

Диана Назарова 100 метрге шалқалап жүзуден алтын иеленсе, Алина Костенко 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуден қола жүлдегер атанды.

Әділ Қасқабай, Әділбек Мусин, Артур Шагинян, Ален Охотинский төрттігі эстафетада алтын алса, қыздар командасы екінші орыннан көрінді.


Дереккөз: prosports.kz/kz
Автор
Жандос