Ғылым министрлігі латын әліпбиін тағы да мақұлдамады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"Диванның орны ауысқан": Атырауда мәйіттер табылған сәт туралы тың дерек айтылды

"Диванның орны ауысқан": Атырауда мәйіттер табылған сәт туралы тың дерек айтылды
kznews.kz коллажы

Атырау облысындағы қайғылы жағдайға қатысты тергеу жүргізіп жүрген журналист Жанат Молдашева мәйіттер табылған күнгі ауыр сәттер туралы айтты, деп хабарлайды kznews.kz.

Журналист Kursiv.Media басылымына берген сұхбатында жоғалған отбасыға қатысты мән-жайды анықтау үшін оқиға орнында болған Шалқар есімді азаматпен сөйлескенін жеткізді. Оның айтуынша, сол күні марқұмдардың туыстары үйдің маңына жиналған.

Шалқардың сөзінше, жиналғандар алдымен сарай ішін өздері қарап көруге шешім қабылдаған. Сол кезде бұрын басқа жерде тұратын диванның орны ауысқанын байқаған.

«Диван бұрын басқа жерде тұратын еді. Орны ауысқан екен. Осы жерді көрейікші деп өзіміз ығыстырдық. Астында стяжка болатын, ол бұзылған, топырақ жатыр екен. Ашып жатқан кезде құзырлы органдардың өкілдері келді. Күрек әкеліп қазды. Бір метрдей қазған кезде жұмсақ топырақтың астынан ағамды көріп қалдық. Арғы жағынан жеңгемнің қолын байқадым. Әрі қарай дәтім бармады», – деп баяндаған ол.

Жанат Молдашева бұл әңгімені тыңдаудың өзі өте ауыр болғанын айтты. Оның сөзінше, мәйіттерді кейін сол жерде болған басқа азаматтардың бірі алып шыққан болуы мүмкін.

Қазір аталған қайғылы оқиға бойынша тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер