Қазақстанда Исматулла Мақсұмның діни қауымдастығында кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық зорлық-зомбылық жасалды деген жарияланымдардан кейін сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды kznews.kz
Жағдайға зікіршілер қауымының бұрынғы ізбасарларының сұхбаттары себеп болды. Атап айтқанда, Ақылбек Жұмабеков журналист Жанар Байсемізге жасөспірімдерге қатысты қудалау туралы айтқан. Бұрынғы оқушылардың айтуынша, діни ұстаз балаларды қорқытып, егер олар болған жайтты айтса, түрмеге қамалады деп қорқытқан.
“Оның аясында барлық мән-жайлар тексерілетін болады. ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды”, – деп хабарлады Ішкі істер министрлігі.
Жанар Байсемізге берген сұхбатында не айтылды?
Ақылбек Жұмабеков сұхбатта жамағат ішінде жасөспірімдерге қатысты осындай жағдайлар болғанын айтқан. Бұған дейін белсенді Абзал Достияровқа сұхбат берген адамдар да осыған ұқсас жайттарды сөз еткен.
"Сол жерде (сопылық жамағат арасында) жүргендердің бәрі де бұның шындық екенін біледі. Бірақ, ешкім айта алмайды", – деді Жұмабеков Жанар Байсемізге берген сұхбатында.
Исматулла Мақсұмның бұрынғы шәкірттері оны әулие санағандықтан, бастапқыда айтылған жайттарға сенбегенін жеткізді. Олардың сөзінше, діни жетекшінің қасында күн сайын бір баладан түнеген. Кейін сол шәкірттердің бірі тіпті психикалық дертке шалдыққан.
Сондай-ақ олардың айтуынша, Исматулла Мақсұм балаларды болған оқиғаны біреуге айтса, түрмеге қамататынын айтып қорқытқан. Ал Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы аталған тұлғалардың ұйымға қатысы жоқ екенін мәлімдеді. мәтінді өзгертші мағынасын сақтап
Еске сала кетейік, Қызылорда облысының прокуратурасы жасөспірімді зорлады деп күдікке ілінген жаттықтырушының 2024 жылы жұмыстан шығарылғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды. Ведомство мәліметінше, ол қызметінен былтыр қыркүйекте босатылған.