"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Динара Майғазиева өмір шындығы туралы ой айтып, оқырмандарын тәнті етті (ВИДЕО)

Динара Майғазиева өмір шындығы туралы ой айтып, оқырмандарын тәнті етті (ВИДЕО)
ашық дереккөзден

Танымал әнші Сәкен Майғазиевтің жұбайы Динара Майғазиева әлеуметтік желідегі парақшасында ерекше видео жариялады, деп хабарлайды kznews.kz.

"Сана бер, сана бермесең – ала бер". Кейде қанша айтсаң да, адам түсінбейді. Себебі шын түсінік – тек басынан өткенде келеді. Өзі бастан өткеріп, жүрекпен сезінгенде ғана ол өмірлік сабаққа айналады. Әркім өз жолынан өтеді. Өз шындығын өзі таниды. Бірақ сана болса – бәрі жеңіл өтеді. Ал сана болмаса – өмір өзі үйретеді", – деді Динара Майғазиева.

Динара Майғазиева жариялаған бұл видеодағы ой-толғамдар адамдарды бейжай қалдырмады. Пікірлерден-ақ көпшіліктің оны қолдап, тебірене тыңдағанын байқауға болады.

"Сөз саптауыңыз керемет, кітап оқитыныңыз көрініп тұр. Ойыңыз ұшқыр!", "Денең тітіркеніп отырып тыңдайтын видео болды!", Даусыңыздың өзі құлаққа терапиядай әсер етті", "Осындай еркін тақырыпта да сөз саптауыңыз керемет!", "Алла сана берсін, саналы ұрпақтан етсін", – деді желі қолданушылары.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер