Димаш Құдайберген "Россия 1" телеарнасындағы "Субботний вечер" бағдарламасының сахнасында өнер көрсетті деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
"Субботний вечер" бағдарламасының жүргізушісі, әнші Николай Басков Димашты "сахнада, бірегей дауыс иесі, жаңа жұлдыз – Димаш Құдайбергенов", — деп таныстырды.
Димаштың әні телебағдарламада ең соңғы болып өнер көрсетті. Көрермендер қуанышын жасырмай, ұзақ уақыт бойы қол шапалақтады.