Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Димаш Бекзат Саттархановқа жантебірентерлік жазба арнады

Димаш Бекзат Саттархановқа жантебірентерлік жазба арнады
Димаш Құдайберген Олимпиада чемпионы марқұм Бекзат Саттархановты еске алып, Instagram парақшасында жантебірентерлік жазба қалдырды деп хабарлайдыKAZ.NUR.KZ.

Бүгін қазақтың атын күллі әлемге танытқан Бекзат Саттарханов тірі болса, 39 жасқа толар еді.

20 жасында қаза болған боксшыны қазақтың дарынды баласы Димаш Құдайберген еске алған.

"Бүгін қазақтың қайсар батыры Бекзат Саттарханов ағамыздың өмірге келген күні. Қысқа ғана ғұмыр кешсе де, еліміздің тұғырын үлкен деңгейге көтерген арыстай азаматымыз мәңгілік жүрегімізде. Ер есімі ел - есінде! Алаштың текті ұрпағының тұқымы Бекзат аға, жатқан жерің жайлы, қараңғы жерің жарық болсын!" , - деп жазған әнші.

Есе сала кетейік, 1980 жылы Түркістанда дүниеге келген боксшы 2000 жылы 31 желтоқсанда жол апатынан көз жұмды.

Сол жылы Бекзат Саттарханов Сидней Олимпиадасында Қазақстанның намысын қорғап, ел қоржынына алтын медальді салған еді.

Автор
Бауыржан