«Нәтиже болмаса қоштасамыз»: Бектенов Kazakh Tourism басшысына ескерту жасады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Димаш 2 млрд көрермені бар қытайлық жобаның атқарушы продюсері болды

Димаш 2 млрд көрермені бар қытайлық жобаның атқарушы продюсері болды
Фото: dimashnews.com

Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген 5 ақпанда Қытайдағы Hunan TV телеарнасында «Voice Beyond Horizon» халықаралық музыкалық жобасының тұсауы кесілетінін Instagram парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Kznews.kz.

Өнер иесі бұл арнадағы «Singer» жобасы осыдан тоғыз жыл бұрын оның әлемдік аудиторияға танылуына жол ашқанын еске алып, енді жаңа шоуды іске қосу арқылы халықаралық музыка кеңістігінде жаңа есімдердің танылуына мүмкіндік бергісі келетінін жеткізді.

Айтуынша, жобаға әртүрлі мемлекеттен келген сегіз вокалист қатысады. Димаш олардың өнері мен көрермен эмоциялары арқылы Қазақстанды өзі сезінген болмысымен таныстыруды мақсат етеді.

Ресми ақпараттарға сәйкес, «Voice Beyond Horizon» түсірілімдері Қазақстанның бірнеше өңірі мен қаласында өткен. Сонымен қатар бағдарлама Hunan TV эфирімен бірге Mango TV цифрлық платформасында да көрсетіледі.

Димаш жариялаған мәліметте жобаға «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы, Туризм және спорт, Мәдениет және ақпарат министрліктері, сондай-ақ Астана мен Алматы қалаларының, Алматы, Ақмола, Түркістан, Маңғыстау облыстары әкімдіктерінің ұйымдастырушылық қолдау көрсеткені жазылған. Демеушілер қатарында «Qarmet», «Қазақмыс», «Алтын Алмас» компаниялары және Нұрлан Смағұлов қоры аталады.

Автор
Дархан Тоқан

Журналист. Блогер. Фрилансер