KZNews.kz
Шоу-бизнес

Дильназ Ахмадиева сүйіктісін көрсетті

Торғын Абушахман

Танымал әнші Дильназ Ахмадиева жаңа сүйіктісін көрсетті. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Әншінің әріптестері ақжарма тілектерін білдіріп жатыр. 

Өнер иесінің жанындағы әртіс әрі тележүргізуші Талғат Байғұжиновпен құшақтасып түскен.
Ділназ суретке ешқандай түсініктеме қалдырмаған, ал Талғат Байғұжинов жазбаға қызыл жүрек эмодзиімен реакция білдірген.

Желі қолданушылары бірі әншінің әріптесі десе, енді бірі бақыт тілеп жатыр. 

“Бақытты болыңдар", "Қандай керемет жұп", "Оо Құттықтаймыз!", “Махаббат әні жетіспей тұр”, “Жарасымды жұп”, “Екеуі клипке түсіп жатуы мүмкін”, “Олар жай ғана достар” – деп жазды көпшілік. 

Торғын Абушахман
Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.
Автордың басқа материалдары →