KZNews.kz
Саясат

Депутаттың сауалына түсінбей жауапсыз қалдырған Министр сынға ұшырады

Ayzhan Sylanova
Фото: gov.kz

Талқылау кезінде «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Әділ Жұбанов министрге кодекс жобасындағы даулы норманы сынға алып, сұрақ қойды. Депутаттың айтуынша, құжатта бас мердігердің субмердігерге 30 пайыздан артық жұмыс беруге тыйым салу туралы талап бар. Бұл шектеу мемлекеттік тапсырыстар үшін түсінікті болғанымен, жеке секторға қолдану қисынсыз деп есептейді.

«Сіз неге жекеменшік компанияларға араласасыз? Мысалы, BI Group немесе BAZIS-A сияқты компанияларға неге 70 пайызын өзің жаса, 30 пайызын ғана субмердігерге бер деп шектеу қоясыз? Бұл қандай логика?» – деп сұрады депутат.

Алайда министр Нағаспаев сұрақты түсінбей, депутаттан қайталап қоюды өтінді. Бұл жағдай залдағы атмосфераны шиеленістіріп, Жұбановтың ашуын тудырды.

«Сіздің жауап беру мәнеріңізге қарағанда, дайындық жақсы сияқты...», – деп депутат мысқылдап, сауалын орыс тілінде жалғастырды.

Бірақ министр бұл жолы да нақты жауап бере алмай, сұрақты кейін пысықтауға уәде етті.
«Шынымды айтсам, сұрағыңызды толық түсінбедім. Бұл мәселені кейін қарап, нақтылайық», – деді Ерсайын Нағаспаев.

Отырыстағы бұл сәт әлеуметтік желіде қызу талқыланып, кей қолданушылар министрдің дайындықсыз келгенін сынға алды.

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары