KZNews.kz
Шоу-бизнес

Денсаулық сақтау вице-министрлері вакцинаның екінші дозасын салдырды

KZNEWS

Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов және аталмыш ведомствоның тағы бір вице-министрі Ажар Ғиният «Спутник V» вакцинасының екінші дозасын салдырды.

Екпе денсаулық сақтау саласының жауапты басшыларына №6 қалалық емханада жүргізілді. Пациенттер вакцинаның алғашқы дозасынан кейін еш шағымы жоқтығын айтты. Вакцинация процесі «24 kz» телеарнасынан тікелей эфирден көрсетілді.

Еске салайық, 1 ақпанда елімізде жаппай вакцинация басталды. Ресейлік "Sputnik V" вакцинасын алғашқылардың бірі болып денсаулық сақтау вице-министрлері Ажар Ғиният пен Ерлан Қиясов салғызды.

KZNEWS
Автордың басқа материалдары