Көмірге көңіл ауды: кен өндіру 128,9 млн тоннаға жетпек
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Денсаулық сақтау министрлігі эболаның өршуіне байланысты мәлімдеме жасады

Денсаулық сақтау министрлігі эболаның өршуіне байланысты мәлімдеме жасады
Фото: Reuters

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Конго Демократиялық Республикасында және Угандада тіркелген Эбола қызбасының өршуіне байланысты халықаралық маңызы бар төтенше жағдай жариялады, деп хабарлайды kznews.kz.

Аурудың таралуына Эбола вирусының сирек түрі — Bundibugyo штаммы себеп болып отыр. Қазіргі таңда бұл штаммға қарсы арнайы вакцина да, нақты емі де жоқ.

 Эбола вирусы жұқтырған адаммен немесе жануарлармен тығыз байланыс кезінде, олардың биологиялық сұйықтықтары арқылы беріледі. Сондықтан жеке бас гигиенасын сақтау, сапар кезінде сақтық шараларын ұстану және дер кезінде медициналық көмекке жүгіну аса маңызды.
 

"Сапарға шығар алдында баратын елдегі эпидемиологиялық жағдаймен алдын ала танысып алған жөн. Шетелден оралғаннан кейін денсаулық жағдайын бақылауда ұстау қажет. Егер қандай да бір белгілер пайда болса, дереу дәрігерге қаралып, сапар фактісін міндетті түрде хабарлау керек. Өз бетінше емделуге болмайды", - делінген министрлік таратқан хабарламада.

 Шетелге шығар алдында сақталуы тиіс негізгі алдын алу шаралары карточкаларда берілген.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі