Денсаулық сақтау министрлігі Астанадағы апат кезінде адамдарды құтқарған жедел жәрдем фельдшерін “заман батыры” деп атады, деп хабарлайды kznews.kz.
Астанада тұрғын үйдің қасбеті құлаған сәтте адамдарды құтқаруға ұмтылған жедел жәрдем қызметкері туралы Денсаулық сақтау министрлігі пікір білдірді.
Министрлік өкілдері ауыр жарақат алған фельдшердің ерлігін ерекше атап өтіп, оны «біздің заманның батыры»деп атады.
Вице-министр Тимур Мұратовтың айтуынша, жас фельдшер жағдайдың қауіпті екенін біле тұра, еш ойланбастан көмекке жүгірген.
“Бұл — қазіргі медицина қызметкерлеріне тән қасиет. Ол адамдардың өмірін құтқару үшін қолдан келгеннің бәрін жасады және ең дұрыс шешім қабылдады деп есептеймін,” – деді Мұратов.
Қазіргі таңда фельдшер ауыр бас сүйек жарақаты салдарынан ауруханада ем қабылдап жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, оның көз және мұрын сүйектері, сондай-ақ басының артқы бөлігі сынған.