Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Денсаулық сақтау министрі: Үржардағы апаттан зардап шеккен екі баланың жағдайы жақсарды

Денсаулық сақтау министрі: Үржардағы апаттан зардап шеккен екі баланың жағдайы жақсарды

Министрдің айтуынша, Астанаға жеткізілген бүлдіршіндерге дер кезінде жоғары білікті медициналық көмек көрсетіліп, олардың жағдайы тұрақтала бастады.

«Медицина қызметкерлерінің кәсіби шеберлігінің арқасында ауыр жарақатпен түскен қызға сәтті операция жасалды. Қазір оның өміріне қауіп жоқ», – деді Ақмарал Әлназарова.

Сонымен қатар, ол жеті жасар балаға сүйектерін бекіту үшін арнайы металл стержендер орнатылып, жіліншігіне операция жасалатынын атап өтті. Министрдің айтуынша, мұндай заманауи әдіс жарақаттану деңгейін азайтып, қалпына келу процесін жеделдетуге мүмкіндік береді.

«Балалардың тезірек сауығып кетуін тілеймін! Ал біздің дәрігерлерге кәсібилігі мен адалдығы үшін алғыс айтамын», – деді ол.

Айта кетейік, Үржарда болған қайғылы жол апатында үш бала көз жұмып, тағы үшеуі ауыр жарақат алған еді. Зардап шеккендердің екеуі қазір Астанадағы №2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасында ем алып жатыр.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.