ка

ДЕНСАУЛЫҚ, АС-ДӘМ, СЕРГЕКТІК ТАЗАЛЫҚ ТУРАЛЫ мақал мәтелдер

17.02.2019 12:15
0
2
ДЕНСАУЛЫҚ, АС-ДӘМ, СЕРГЕКТІК ТАЗАЛЫҚ ТУРАЛЫ
Денсаулық зор байлық. *** Тазалық — саулық негізі. *** Бірінші байлық — денсаулық, Екінші байлық — ақ жаулық, Үшінші байлық — он саулық *** Басы аманның малы түгел. *** Аурудың алдын ал. *** Демі бардың емі бар. *** Жаман ауруға жақсы ас. *** Көзің ауырса, қолынды тый, Ішің ауырса, тамағың тый. *** Көкірек ауру күле кетер. *** Тұмау аяғы құрт, Тұман аяғы жұт. *** Ауру аздырады, Суық тондырады. *** Ауру кісі күлкі сүймес, Ауыр жүкті жылқы сүймес. *** Ауру батпандап кіріп, Мысқалдап шығады. *** Ауру астан, Дау қарындастан. *** Дауды елемеген төлейді, Ауруды елемеген өледі. *** Іздеп алған аурудың емі табылмас. *** Айналдырған ауру алмай қоймас, Бұлттанған күн жаумай қоймас. *** Сіңбес астың бөгеуі көп. *** Шықпаған жаннан үміт ет. *** Жанымды алмаған ауру, Жанымның садағасы. *** Олақтан салақ жаман. *** Шірік шірітеді, Бұзық бүлдіреді. *** Шірікке шыбын айналар. *** Жасыңда салақ болсаң, Бара-бара былық боларсың. *** Ас — елдің құты. *** Ет етке, сорпа бетке. *** Көже деген тоқ ас, Тұра келсең жоқ ас. *** Ас астың орны басқа. *** Айран ішсең ас болады. *** Шымырдың сезімі сергек. *** Тамақтан өткеннің бәрі тамақ. *** Өзен жағалағанның өзегі талмас. *** Ескі сөз жаңа сөздің қазығы. *** Сергектің сенімі нық. *** Ас адамның арқауы
Пікірлер
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий