Қазақстан соғысқа дайындалып жатқан жоқ – Айдос Сарым
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Дене қызуы 40°С-қа дейін көтеріледі: Қазақстанда белгісіз вирус тарап жатыр

Дене қызуы 40°С-қа дейін көтеріледі: Қазақстанда белгісіз вирус тарап жатыр
Ашық дереккөз

Астана, Алматы және Шымкент тұрғындары әлеуметтік желілерде жоғары температура мен ұзаққа созылған сырқат белгілеріне шағымданып отыр, деп хабарлайды kznews.kz.

Дәрігерлер мұны маусымдық тұмау мен жедел респираторлық вирустық инфекциялардың (ЖРВИ) өршуімен байланыстырады.

Алматы дәрігері Ирина Шинкаренконың айтуынша, тұмаумен ауырғандар саны күрт артқан. Оның сөзінше, науқастардың денесі сырқырап, басы ауырып, дене қызуы 40°С-қа дейін көтеріледі және оны түсіру қиын.

«Тұмауды антибиотикпен емдеу – вирусты емес, бактерияны нысанаға алу. Сондықтан мұндай ем тиімсіз. Ең бастысы – тынығу, көп сұйықтық ішу және қажет болған жағдайда осельтамивир қолдану», – деді дәрігер.

Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы төрағасының орынбасары Манар Смағұл биыл тұмау вирусының әдеттегіден ертерек, қазан айының ортасынан бастап белсенді тарағанын айтты. Оның мәліметінше, елде қазір H3N2 тұмау штаммы және

«Стратус» (Stratus) коронавирус штаммы айналымда жүр. «Бұл вирустар тез тарайды, бірақ ауыр өту деңгейі пандемия кезіндегідей емес. Дегенмен созылмалы аурулары бар адамдар үшін қауіп жоғары», – деді эпидемиолог.

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттері Астана, Алматы және Шымкент қалаларында жағдай бақылауда екенін хабарлады. Барлық өңірде вакцинация жалғасып жатыр. Астанада биыл жергілікті бюджет есебінен «Гриппол+» вакцинасының 145 мың дозасы сатып алынған, оның 134 мыңнан астамы егілді. Ал Алматыда және Шымкентте де тұрғындар арасында маусымдық екпе салу белсенді жүріп жатыр.

Мамандар азаматтарды жеке гигиена мен алдын алу шараларын қатаң сақтауға, ауру белгілері пайда болғанда өздігінен емделмей, дәрігерге жүгінуге шақырып отыр.

Автор
Азамат Қойшығара

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері - kznews.kz сайтының тілшісі.