KZNews.kz
Шоу-бизнес

"Дегеніне жетті": Үшінші рет үйленген актердің бұрынғы әйелі шындықты айтты

Қайсар Қанат
ашық дереккөзден

Актер Дәурен Айдарқұлов көпшілікпен қуанышты жаңалығын бөлісті. Ол Instagram-парақшасында неке қию сәтінен түсірілген суретті жариялап, үшінші рет отбасын құрғанын хабарлады, деп жазады kznews.kz.

"Мен үйлендім. Әлхамдулилләһ", – деп жазды актер.

Желі қолданушылары бірден құттықтауларын жаудырып, ақ тілектерін арнап жатыр. Құттықтаушылардың ішінде оның бұрынғы жұбайы, актриса Ақбота Сейтмағамбет те бар.

"Бақытты болыңдар! Сендер үшін шын жүректен қуаныштымын", – деп пікір қалдырды ол.

Айта кетейік, бұл Дәурен Айдарқұловтың үшінші некесі. Актердің алғашқы некесінен үш баласы, екінші некесінен екі баласы бар. Ол Ақбота Сейтмағамбетпен 2020 жылы ажырасқан болатын.

Қайсар Қанат
Автордың басқа материалдары