Пентагон құпияны ашты: Қазақстан аспанында белгісіз құбылыс байқалғаны туралы дерек жарияланды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

De Lacure-ге қатысты дау: Алматы полициясы тексеру нәтижесін жариялады

De Lacure-ге қатысты дау: Алматы полициясы тексеру нәтижесін жариялады

Алматы полициясы қоғамда қызу талқыланған рэпер De Lacureке қатысты тексеру жүргізді, деп хабарлайды kznews.kz.

Медеу аудандық полиция басқармасының мәліметінше, әңгіме ойын-сауық форматындағы шоуда айтылған оқиға туралы болып отыр. Рэпердің сөзінше, бұл жағдай 2012 жылы болған.

Мән-жайды анықтау үшін өнер иесі полиция бөліміне жеткізілген. Тексеру барысында ол әлеуметтік желі қолданушылары оның сөзін бұрмалап түсіндіргенін айтып, ешқандай зорлық-зомбылық фактісі болмағанын мәлімдеген.

Полиция қазіргі уақытта қылмыстық құқық бұзушылық жасалғанын растайтын нақты дәлелдер анықталмағанын хабарлады. Осыған байланысты тексеру аяқталған.

Сонымен қатар Алматы қалалық полиция департаменті азаматтар мен медиа өкілдерін расталмаған ақпарат таратпауға және тек ресми мәліметтерге сүйенуге шақырды.

Еске салайық, бұған дейін De Lacure әлеуметтік желілерде қатты сынға ұшыраған еді. Дауға оның шоу барысында айтқан оқиғасы себеп болды. Кейін Зарина Байболова да осы жағдайға қатысты әлеуметтік желіде пікір білдірген болатын.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.