Марко Рубио: Путин Украинадағы соғыста жеңіске жете алмайды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Даулет Бекманов Қорғаныс вице-министрі болып тағайындалды

Даулет Бекманов Қорғаныс вице-министрі болып тағайындалды

Жаңа вице-министрдің еңбек жолы мемлекеттік басқару, цифрландыру және мемлекеттік қызметтер салаларымен тығыз байланысты болған. Енді ол Қорғаныс министрлігінің басшылық құрамында қызмет атқарады.

Даулет Нысанқұлұлы Бекманов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды. Тиісті өкімге Мемлекет басшысы қол қойған, деп хабарлайды kznews.kz

Ақорданың мәліметінше, жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Бекманов «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы қызметін атқарған. Ол бұл лауазымға 2025 жылғы шілдеде келген.

Бұған дейін Даулет Бекманов «Қазпошта» АҚ-да мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі басқарушы директор болған. Аталған қызметті 2023 жылғы мамырдан бастап атқарған.

Ал 2020 жылғы ақпаннан 2023 жылға дейін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік қызметтер комитетін басқарды.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.