Жанәбіловтің әйелі соңғы сөзінде судьяға өтініш айтты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Дауға айналған қамзол: Экс-министр Алагөзоваға өтініш жасады

Дауға айналған қамзол: Экс-министр Алагөзоваға өтініш жасады
Фото: ашық дереккөзден

Бұрынғы мәдениет және спорт министрі, Түркі мәдениеті және мұрасы халықаралық қорының президенті Ақтоты Райымқұлова «Қыз Жібек» фильміндегі камзолға қатысты туындаған дау жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды kznews.kz.

Ақтоты Райымқұлова бұл камзолдың қазақ халқы үшін ерекше құнды мәдени мұра екенін атап өтті. Оның айтуынша, продюсер Баян Алагөзова меценат ретінде оны сақтап қалуға үлес қосқан, алайда ең дұрыс шешім – бұл бұйымды музейге тапсыру болар еді.

– Қазір бұл тақырып қоғамда кең талқыланып жатыр. Менің ойымша, мемлекетпен бірге меценаттар мен демеушілер де мәдени мұраны сақтауға үлес қосуы керек. Құрметті Баян Алагөзованың әрекетін құптайтыным, ол өзінің айтуы бойынша меценат ретінде бұл камзолды сатып алды. Әрине, бұл бұйым сақталады. Бірақ оны музейге тапсырса, тіпті жақсы болар еді. Өйткені бұл камзол – біздің мәдени мұрамыздың бір бөлігі, қазақ киімінің тамаша үлгісі, – деді ол.

Еске салайық, «Қыз Жібек» фильміндегі әйгілі камзол Тұрсен Алагөзовтың жұбайы Баян Алагөзованың қолына түскені белгілі болды. Продюсер оны Instagram парақшасында көрсетіп, бұйымның өзіне сыйға берілгенін айтқан.

Аталған камзолды фильмде басты рөлді сомдаған актриса Меруерт Өтекешева киген. Жәдігердің жеке қолға өтуі қоғамда резонанс тудырды.

Осыдан кейін Мәдениет министрлігі «Қазақфильм» киностудиясының қорында тек бір ғана түпнұсқа камзол сақталғанын хабарлады. Ведомство ол экспонаттың ұлттық кино мұрасының маңызды бөлігі ретінде қорғалатынын атап өтті. Сондай-ақ екінші камзолдың жеке қолға қалай өткені анықталып жатқанын мәлімдеді.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.