DataHUB: тұрғындардың табысы өскенімен, тұрмысы төмендеген
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

DataHUB: тұрғындардың табысы өскенімен, тұрмысы төмендеген

DataHUB: тұрғындардың табысы өскенімен, тұрмысы төмендеген
Фото: ашық дереккөздерден

Ел азаматтарының жалақысы номиналды түрде өскенімен, халықтың нақты табысы әжептәуір төмендеген.

Бұндай қорытындыны экономикалық және әлеуметтік статистикаға талдау жасайтын DataHUB зерттеу-талдау ресурсы жариялап отыр.

Осы ресурстың сарапшылары Ұлттық статистика бюросының деректеріне сүйеніп, нақты жалақының төрт тоқсан қатарынан төмендегенін анықтаған көрінеді. Деректерге сүйенсек, 2026 жылдың екінші тоқсанында Қазақстандағы орташа айлық жалақы 486 388 теңге болды. Бір жылда ол 8,4 пайызға өскен. Алайда, тұтыну нарығындағы бағаның қымбаттауы бұл өсімді "жеп қойып", инфляцияны есептегендегі нақты жалақы 1,8 пайызға төмендеген.

Бұл жалақы өсімінің халықтың әл-ауқатына толық әсер етпей отырғанын көрсетеді. Яғни, статистикадағы жалақы көбейгенімен, ел тұрғындары сол ақшаға сатып алатын тауары мен қызметінің көлемі қысқарған.

Талдау көрсеткендей, нақты жалақының төмендеуі зерттеуге алынған 16 саланың тоғызында байқалған. Ең үлкен құлдырау білім беру саласында екен, айырма 6,5 пайызға жеткен. Ал өнер, ойын-сауық және демалыс саласында 6,3 пайыз, ақпарат және байланыс саласында 6 пайыз төмендеген.

DataHUB дерегінше, соңғы 8,5 жылда нақты жалақының мұндай ұзақ мерзімді теріс динамикасы сирек кездескен. Бұған дейін ол 2023 жылдың бірінші және 2020 жылдың үшінші тоқсанында ғана теріс көрсеткішке түскен болатын.

Демек, басты мәселе жалақының қанша пайызға өскенінде емес, оның қымбатшылыққа қаншалықты ілесе алып жатқанында сияқты. 

Қысқасы, бұдан қазіргі көрсеткіш бойынша Қазақстандағы жалақы өсімі инфляцияны жеңе алмай отыр деген қорытынды жасауға болады.

Автор
Қалмаханбет Мұқаметқали

Қалмаханбет Мұқаметқали, журналист. І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің түлегі. Журналистикада 33 жыл еңбек етуде. Еңбек жолын аудандық газетте бастап, республикалық басылымдарда басшылық қызметтер атқарған.