KZNews.kz
Спорт

Дастан Сәтпаев әлемнің 2008 жылы туған үздік бес футболшысының қатарына енді

Торғын Абушахман

«Қайраттың» 17 жастағы шабуылшысы Дастан Сәтпаев швециялық Score90 порталының нұсқасы бойынша 2008 жылы туған әлемнің ең үздік бес футболшысының қатарына кірді, деп хабарлайды kznews.kz.

Score90 порталы құрастырған беделді рейтингке 17 жастағы алматылық шабуылшы еніп, планетада 2008 жылы туған ең мықты бес ойыншының бірі атанды. 

Ол бұл тізімде «Бавария», ПСЖ және «Ливерпуль» ойыншыларымен қатар тұр:

Леннарт Карл («Бавария»);

Ибраим Мбайе (ПСЖ);

Рио Нгумоа («Ливерпуль»);

Онест Аанор («Аталанта»);

Дастан Сәтпаев («Қайрат»).

Еске салайық, бұған дейін Дастан Сәтпаев Қазақстанның ең қымбат футболшысыатанғанын жазған едік.

Торғын Абушахман
Автордың басқа материалдары