Қазақстан соғысқа дайындалып жатқан жоқ – Айдос Сарым
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

“Дәрігер уколынан кейін комаға түсті” - Алматы емханасындағы даулы оқиға туралы тың дерек шықты

“Дәрігер уколынан кейін комаға түсті” - Алматы емханасындағы даулы оқиға туралы тың дерек шықты
Фото: бейнежазбадан скриншот

Мәселені түбегейлі зерттемекке талпынған журналист Руслан Өтепбай емхана басшылығы мен комада жатқан әйелдің күйеуінен сұхбат алды. Үшінші маусымнан бері комада жатқан Толқын Әжібаеваның жары оқиғаның мән-жайын түсіндірді:

“Толқында аллергия болып қалды. Скорая алып кетті”, - деді. “Қайда алып кетті”, - деп едім. “ 4 ауруханаға”, - деді. 

“Жағдайы ауыр. 15 минутқа жүрегі тоқтап қалған. Клиникалық өлім болған. Система салдыруға барған. Сол система салдырғанда уколға аллергия берді”, - деді. “Қандай укол”, - деп едім. “Цеф-3”, - деді. Осы уақытқа дейін “проба салдық” деп айтып келді. Енді экспертизадан шығып жатыр ғой. Проба салмаған екен. Сараптама нәтижесі “дәрігердің қателігі болды” деді. 

№28 емхананың басшылығы бұл істен басын ала қашып, дәрігерлермен тікелей сөйлесуге шақырды. 

“Бұл жағдайға байланысты отбасының уайымые түсінеміз. Арнайы сараптама жасалды. Құзырлы органдарға берілді. Біз бұл шешім туралы түсініктеме беруге құқымыщ жоқ. Себебі, дәрігерлік құпия дегенге байланысты деректерді тарата алмаймыз. Емхана жұмысын жалғастыруда. Әжібекова Толқынға біздің тарапымыздан барлық көмек көрсетілуде. Күндізгі стационардың дәрігері системаны тағайындаған. Анамнездің бәрін алып барып, дәріні берген”, - деді емхана бас директоры Назгүл Асанова.
 

Дәріні тағайынлаған дәрігер науқастың аллергияға қатысты шағымы болмағанын айтты. 

Сол кезде алғашқы болжамды диагноз “бронхит, өршу сатысы”  диагнозы қойылып, соған байланысты ем тағайындалды. Анамнезін, шағымдарын жинағанда, “ешқандай аллергиям” жоқ деді. Не тағайындап жатқанымды айттым. Ақпараттық келісімге қол қойды.  

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.