KZNews.kz
Әлем

Дәрігер сәбидің арқасына тілік жасап, бір жарым айлық сәби шетінеп кетті

Дархан Тоқан
Фото: Ашық дереккөзі

Ош облысының Өзген ауданында бір жарым айлық сәби ауыр халде ауруханаға жеткізіліп, кейін көз жұмды. Оқиғаға байланысты милиция тексеріс жұмыстарын бастаған, деп хабарлайды Kznews.kz.

Медициналық мекеменің мәліметінше, сәби 21 қаңтарға қараған түні аса ауыр жағдайда түскен. Дәрігерлер қан кетудің салдарынан геморрагиялық (постгеморрагиялық) шок диагнозын қойғанымен, таңға жуық баланы аман алып қалу мүмкін болмаған.

Аурухана өкілдерінің айтуынша, ата-анасы баланы арқасына тілік салдыру рәсімі үшін емшіге апарғанын жеткізген. Осы дерек бойынша ақпарат құқық қорғау органдарына жолданған.

Ош облыстық ішкі істер басқармасы да оқиға бойынша тексеріс басталғанын хабарлады. Ведомство дерегінше, Өзген аудандық ауруханасынан милицияға «қан жоғалтудың салдарынан бала көз жұмды» деген хабарлама түскен. Нәресте ауруханаға өте ауыр хәлде жеткізіліп, тоқтамай тұрған қан кету болғаны айтылған.

Аталған факт тіркеліп, қажетті сараптамалар тағайындалған, сондай-ақ куәлардан жауап алынуда. Қазіргі таңда оқиғаның нақты мән-жайы анықталып жатыр.

Дархан Тоқан
Автордың басқа материалдары