Қазақ эстрадасындағы танымал әндердің бірі – "Дариға жүрек" туындысының шығу тарихы қайтадан жұрт назарын аударды. Көпшілік арасында бұл әннің Дариға Назарбаеваға арналғаны туралы әңгіме көп жылдан бері айтылып келеді, деп хабарлайды kznews.kz.
Сазгер Бауыржан Есбаев жаңа сұхбатында осы сұраққа қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, "Дариға жүрек" әні 2004 жылы Дариға Назарбаеваның туған күніне орай жазылған.
Кейін бұл әнді белгілі әнші Медеу Арынбаев орындап, туынды тыңдарман арасында кеңінен танылды. Уақыт өте келе "Дариға жүрек" қазақ эстрадасындағы ең көп айтылатын хиттердің біріне айналды.