Қазақстан Армения қақпасына ғажап гол соқты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Дариға Бадықова сотта журналистен тағы да жеңілді

Дариға Бадықова сотта журналистен тағы да жеңілді
Фото: ашық дереккөзден

Заңгер Инга Иманбай әлеуметтік желідегі парақшасында журналист Нұрсейіт Жылқышыбайдың мүддесін қорғаған іс бойынша сот шешімі күшінде қалғанын хабарлады. Оның айтуынша, актриса Дариға Бадықованың апелляциялық шағымы қанағаттандырылмай, сот тағы да журналистің пайдасына шешім шығарған, деп хабарлайды kznews.kz.

Заңгердің айтуынша, Алматы облыстық соты бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгеріссіз қалдырған. Оның сөзінше, бұл қабылданған құқықтық ұстанымның заңды әрі негізді болғанын тағы бір мәрте растады.

«Кейде журналистерге қарсы қысым азаматтық қысым арқылы жасалады. Нұрсейіт Жылқышыбайдың сөз бостандығы мен кәсіби құқығын қорғап шықтық. Бірінші сотта да, апелляцияда да жеңіп шықтық. Заң эмоциямен емес, дәлелмен жұмыс істейді. Алматы облыстық сотының қаулысына сәйкес, Сот Дариға Бадықованың апелляциялық шағымын қанағаттандырусыз қалдырды», - деді Инга Иманбай.

Еске салайық, бұған дейін журналист Нұрсейіт Жылқышыбай актриса Дариға Бадықованың бұрынғы жұбайы Дархан Мұсаевтан сұхбат алған болатын. Әңгіме барысында Дархан Мұсаев олардың асырап алған баласы туралы, сондай-ақ Дариға Бадықовамен арадағы жеке қарым-қатынасына қатысты өз пікірін айтқан.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.