KZNEWS.KZ
Шоу-бизнес

Дариға Бадықова мен Олжас Абайдың бұрынғы жұбайлары бірге көзге түсті

• Айгерім Асылова
фото: ашық дереккөз

Танымал актриса Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі Дархан Мұсаев пен актер Олжас Абайдың бұрынғы жары Аймира Аманның бірге түскен видеосы әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Көпшілік күтпеген кездесуге таңғалып, екеуінің қарым-қатынасына қатысты түрлі болжам айта бастады, деп хабарлайды kznews.kz

Күтпеген көрініс желі қолданушыларын бейжай қалдырмады. Бірі екеуін жарасымды жұпқа баласа, енді бірі олардың бірге көрінуін үнді фильміндегі оқиғаларға теңеген.

“Енді осы екеуі үйленіп кетсе, қызық болады”, “Үнді киносынан кем емес”, “Күтпеген жұп болайын деп тұр ма?”, “Әңгімелері жарасатын сияқты ғой”, “Кино болып жатыр, кино”, “Жарасымды жұп шығатын сияқты”, – деп жазды желі қолданушылары.

Дегенмен Дархан Мұсаев пен Аймира Аманның арасында қандай қарым-қатынас бар екені белгісіз. Екеуі де желіде тараған болжамдарға қатысты әзірге пікір білдірмеген.

Соған қарамастан, олардың бірге көрінген видеосы әлеуметтік желідегі ең көп талқыланған тақырыптардың біріне айналды.

Айгерім Асылова
Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.
Автордың басқа материалдары →