Құрылтай сайлауын 777 халықаралық байқаушы бақылайды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Данил Васильев Алматыда тағы да алғашқылардың бірі болды

Данил Васильев Алматыда тағы да алғашқылардың бірі болды
Фото: Алматы әкімдігі баспасөз қызметі

Сайлау учаскесіне алғашқылардың бірі болып қысқы Олимпиада ойындарының қатысушысы Данил Васильев келді. Спортшы таңғы сағат 07:30-да Алматы электромеханикалық колледжінде орналасқан №556 сайлау учаскесінде дауыс берді, деп хабарлайды kznews.kz.

Алматыда туған спортшы үшін таңмен ерте тұру — үйреншікті әдет. Васильевтің айтуынша, көп жылғы спорттық тәртіп оны жаттығу мен жарыста ғана емес, күнделікті өмірде де тәртіп пен жауапкершілікке үйреткен.

— Біз, спортшылар, ерте тұрып, күн тәртібін сақтауға дағдыланғанбыз. Сондықтан таңертең ерте сайлау учаскесіне келу мен үшін қиын емес. Спортта әркім нәтижесіне жауапты екенін жақсы түсінеді. Меніңше, өмірде де шет қалмай, болашағымызға қатысты шешімдерге өзіміз атсалысуымыз маңызды. Сондықтан бүгін дауыс беруге келдім, — деді Данил Васильев.

Данил Васильев Қазақстан атынан қысқы Олимпиада ойындарына екі рет — 2022 жылы Бейжіңде және 2026 жылы қатысқан. 2023 жылы алматылық спортшы Лейк-Плэсидте өткен Дүниежүзілік қысқы Универсиадада алтын медаль иеленді.

Биыл Васильев Польшаның Висла қаласында өткен шаңғымен тұғырдан секіруден жазғы Гран-при кезеңінде де сәтті өнер көрсетті. Екі бәсекеде де үздік ондыққа еніп, төртінші және бесінші орын алған.

Автор
Асқар Алтайұлы

Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.