1 шілдеден бастап аулаларға көлік қоюға тыйым салынатыны рас па?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Дана Нұржігіт "сиқырлы дәрігер" деп атаған танымал профессордың өмірден өткенін хабарлады

Дана Нұржігіт "сиқырлы дәрігер" деп атаған танымал профессордың өмірден өткенін хабарлады
ашық дереккөзден

Журналист әрі тележүргізуші Дана Нұржігіт Астанадағы белгілі аллерголог-иммунолог, педиатр, профессор Рафаил Розенсонның өмірден өткенін айтып, әлеуметтік желіде әсерлі жазба жариялады, деп хабарлайды kznews.kz.

Дана Нұржігіт дәрігердің өз отбасына жасаған жақсылығын еске алып, ұлының оны бала кезінен ерекше жақсы көргенін жазды. Айтуынша, ұлы Әлім бес жасында алғашқы қабылдаудан кейін дәрігерді "Сиқырлы дәрігер" деп атап кеткен.

"Рафаил Иосифович Розенсон өмірден өтіпті. Біз ұлыммен оны "Сиқырлы дәрігер" деп атайтынбыз. Бес жасар Әлім алғашқы қабылдаудан кейін оған осы атты қойған еді. Қазір ұлым 15 жаста. Рафаил Иосифовичті Астанадағы көптеген ата-ана мен балалар жақсы білетін. Иммунолог, аллерголог, педиатр, профессор, ғалым. Құдай берген дәрігер, нағыз зиялы жан еді", – деп жазды журналист.

Тележүргізушінің сөзінше, Рафаил Розенсон бар саналы ғұмырын медицинаға арнап, науқастарды емдеп, кеңес беріп, жас мамандарға дәріс оқыған.

"Күн сайын ол өз ісін адал атқарды – емдеді, кеңес берді, дәріс оқыды, адамдарға қызмет етті. Себебі дәрігерлік – қызмет ету мамандығы", – деді Дана Нұржігіт.

Жазба соңында журналист Рафаил Розенсонның өз отбасы үшін орны бөлек адам болғанын атап өтті. Оның айтуынша, профессор ұлының өсіп-жетілуіне куә болған, әрдайым көмектесуге дайын тұрған дәрігерлердің бірі еді.

"Әрдайым мейірімді, жанашыр Рафаил Иосифович бізге көмектесуге асығатын. Әрқашан. Ол — менімен бірге ұлымды өсірген дәрігерлердің бірі. Бүгін біз жақын адамымыздан айырылдық. Жарқын бейнесі жадымызда мәңгі сақталады", – деп түйіндеді ол.

Рафаил Розенсон Астанада ұзақ жыл еңбек еткен медицина ғылымдарының докторы, профессор, аллерголог-иммунолог және педиатр ретінде кеңінен танылған маман болған.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер