Спорт

"Дәл тиді де, ісін аяқтады". Қазақстандық боксшы 57 секундтық нокаутқа қатысты

KZNEWS KZNEWS
"Дәл тиді де, ісін аяқтады". Қазақстандық боксшы 57 секундтық нокаутқа қатысты

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Абылайхан Құсайынов (9-0, 6 КО) қарсыласы Хесус Лагунаны қалай жеңгенін айтып берді және 20 жастағы отандасы Садриддин Ахмедовтың (4-0, 4 КО) жылдам нокаутына қатысты пікір білдірді.

Екі қазақстандық жұдырықтасқан бокс кеші Канаданың Монрель қаласында өткен.

- Қарсылас ыңғайсыздау болды, өйткені бірден алға жүрді. Ондайды күтпедім. Алғашқы раундты бағдарлап, жұмыс істеп, асықпай аяқтадым. Екінші раундта шабуылға көштім - басына бірнеше рет дөп тиіп, бауырдан соққы жасадым. Соққы дәл тиді - ол тұра алмай қалды.

- 2015 жылы кәсіпқой боксқа ауысқаныңда мұндай "рекордқа" жету мүмкін екен деп ойладың ба?

- Құдайдың қалауымен. Бізге талмай жаттығып, еңбектену ғана керек.

- Ендігі жоспар қандай?

- Келесі жекпе-жек желтоқсанда болатын шығар. Ары қарай жаттығып, ілгерлей береміз. Әлем чемпионы болу мақсатына жылжып келеміз.

- Садриддин Ахмедов командаға сіңісіп кетті. Оның 57 секундтық нокауты туралы не айтасың?

- Өз жұмысын жасады: жақсы соққысын өткізді де, қарсыласын жібермей ісін аяқтады.

Айта кетейік, 20 жастағы Садриддин Ахмедов мексикалық Хесус Хавьер Мендозаны жеңіп, нокаутпен аяқтаған жекпе-жектер санын төртке жеткізді. Осы арқылы ол рейтингте айтарлықтай көтерілді.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz