Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

ДАИШ толықтай күйреді

ДАИШ толықтай күйреді

Астана. 20 желтоқсан. KAZISLAM – АҚШ Сириядағы әскерін шығара бастайды. Бұл туралы америкалық басылымдар хабарлады. АҚШ қорғаныс саласының ресми өкілі CNN телеарнасына Сирия аймағындағы америкалық әскерилердің барлығы елге оралатынын айтқан, деп жазады Baq.kz.

АҚШ бұл процесті қашан бастайтыны нақты белгісіз. АҚШ президенті Дональд Трамп Twitter-де ДАИШ экстремистік тобының күйрегенін, «АҚШ әскерінің Сирияда қалуының жалғыз себебі ДАИШ-ті жеңу болғанын» жазды.

Ресми дерек бойынша, Сирия аумағында 2000 америкалық әскери бар.

ДАИШ ұйымы — 2013 жылы Сирия мен Ирак аумағында құрылған экстремистік топ. Бірнеше жыл бойы екі ел аумағының негізгі бөлігін басып алып, халифат орнатпақ болған. 2018 жылдан бастап ДАИШ құлдырай бастады. Қазақстанда террористік ұйым деп танылған.

Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитетінің дерегінше, 800-ге жуық қазақстандық Сирияға кетіп, ДАИШ тобының сапында соғысқан.

Дереккөз: http://kazislam.kz/
Автор
Бауыржан