
Әр алуан тірлікпен
Әлемде жатыр мыңдап ел.
Айнымас достық, бірліктің
Аймағын көрсең, мұнда кел!...
Әлемде жатыр мыңдап ел.
Айнымас достық, бірліктің
Аймағын көрсең, мұнда кел!...
Теңсіздік терең көмілді,
Шаттықтан шалқып өнді үнім,
Баршасы мұнда көңілді
Ақ, қара, сары өңдінің...
Артықша таза моральды
Ақ, қара жігі, қыз қандай!
Махаббат қайта жаралды,
Жүректен жүрек қызғанбай.
Күндерден ортақ сыбаға,
Күресте дайым біргеміз.
Арада жол жоқ сынаға,
Мәрмәрдай тұтас іргеміз.
Өлкемде өлмес тірі аңыз
Қалады жаздан, қыстан да.
Жұрағат жұрттар тұрамыз
Осындай Қазақстанда...
Х.Ерғалиев
#стихи на казахском языке
#қазақша өлең
#1 мамыр бірлік күні олен
#1 мамыр мейрамы казакша туралы қазақша на казахском бесплатно скачать
#1 мамыр мерекесіне арналған өлеңдер
#1 мамыр ынтымақ күні бірлік күні өлеңдер
#1 мамыр ынтымақ күні өлеңдер
#1 мамыр ынтымақ күніне арналған өлеңдер
#Бірінші 1 Мамыр - Бірлік күні
#Қазақша өлең: 1 Мамыр - Бірлік
#стихи на казахском языке день единства 1 май
#стихи на казахском языке про 1 мая
#Қазақша өлең: Бірінші 1 Мамыр - Бірлік күні
#Ынтымақ күні (Туысқан жұрттар тұрағы) » ZHARAR © 2019 1 мамыр бірлік күні өлең