
Басталыпты өмірдің көші, міне,
Бөлейікші бөбекті бесігіне.
Салт-дәстүрін ұлтының біліп өссін,
Жігіт болсын лайықты есіміне.
Бөлейікші бөбекті бесігіне.
Салт-дәстүрін ұлтының біліп өссін,
Жігіт болсын лайықты есіміне.
Уілдейді бесікте шіркін, үміт,
Бола алмайды бесіктой бұл күн ұмыт.
Тәлімінен қазақтың өнеге алып,
Әдебі мен өссінші ғұрпын ұғып.
Көзін салсын бесіктен бұл ғаламға,
Биіктер көп қос қанат талмағанға.
Түзу өссін тал бойы, ұйқы қанып,
Шаршамасын ғаламды шарлағанда.
Бабасының бесік бұл тері сіңген,
Қазақ болсын бесікке белі тиген.
Ақ бесікті анасы тербетеді,
Болып өссін азамат елі сүйген.
Оң қолымен бесікті тербет, келін,
Әлдимен сездір өмір өрнектерін.
Дариды екен бесіктен құт-береке,
Тілейін саналы ұлан ер жеткенін.
#Қазақша құттықтау - тілек: Шілдехана бесік тойы » ZHARAR © 2019 шілдехана тойы құтты болсын
#бесик тойга тiлек
#бесик тойга тилектер
#бесік той тілектері
#бесік тойга тілек
#поздравления на казахском языке бесик той
#шілдехана бесік той тілектер казакша туралы қазақша на казахском бесплатно скачать
#шілдехана бесік тойға тілектер