"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Цой: Алматыда коронавирус штамының жаңа мутациясы анықталды

Цой: Алматыда коронавирус штамының жаңа мутациясы анықталды





Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасында коронавирустың айналымдағы өзге де штаммдарына зерттеу жүргізуде.


"Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен бірлесіп Covid-19 штаммдарын анықтайтын экспресс ПТР-скринингтің жаңа әдістемесі енгізілді.




2021 жылғы 17 наурызда Ұлттық Қоғамдық денсаулық сақтау орталығы филиалының референс-зертханасы Алматы қаласы бойынша КВИ-мен ауыратын науқастардан алынған зертханалық үлгілерді зерделеді.




Зерттеу нәтижелері бойынша "Британдық", "Оңтүстік Африка", "Бразилиялық" штамдарға ұқсас ықтимал мутация анықталды.




Мутацияны және оның осы штаммдардың біріне жататынын нақты растау толық геномдық секвенирлеу аяқталғаннан кейін бір ай ішінде айқындалатын болады.



Айта кету керек, КВИ-дің алдын алу және мутацияны емдеу шаралары қолданыстағы тәсілдерге ұқсас.




Бұл маска режимін және әлеуметтік арақашықтықты сақтау, адам көп жиналатын орындарға бармау, сондай-ақ халықты жаппай вакцинациялау.




Н.Ф.Гамалея атындағы эпидемиология және микробиология ғылыми-зерттеу орталығының мәліметтері бойынша қазір Қазақстан Республикасында қолданылатын Гам-КОВИД-Вак (Спутник V) вакцинасының "Британдық" штаммға тиімділігі дәлелденді.



Демалыс және мереке күндері қарсаңында КВИ-дің таралуына жол бермеу үшін тиісті сақтық шараларын мұқият сақтауды еске саламыз", — деп жазды министр Алексей Цой желідегі парақшасында.





Автор
Нұрсұлтан