KZNews.kz
Шоу-бизнес

Cиноптиктер Қазақстанның екі облысында ауа райына байланысты ескерту жасады

KZNEWS

2018 жылғы 5 желтоқсан 18:45 22

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қызылорда және Атырау облыстарында дауыл болады деп күтілуде, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

6-8 желтоқсан күндері Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түсіп, 6 желтоқсан күні күндіз, 7-8 желтоқсан күндері шығыс, солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Дауыл болу ықтималдылығы - 90-95 пайыз.

6-7 желтоқсан күндері Атырау қаласында, Атырау облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Дауыл болу ықтималдылығы - 80-85 пайыз.

KZNEWS
Автордың басқа материалдары