ка

Циклограмма - Әр түрлі - Bilim

16.11.2018 21:55
0
2

Күн тәртібі

Уақыты

Дүйсенбі

Сейсенбі

Сәрсенбі

Бейсенбі

Жұма

 

Балаларды қабылдау

Ата-аналармен әңгімелесу

 

Ойындар(үстел үсті,саусақ т.б )

 

Таңертеңгілік жаттығу

8.30 – 9.00

 

 

 

 

 

 

 

Тәрбиешінің балалармен қарым-қатынасы: Балалардың өз балабақшаларына деген ыстық сезімдерін дамыту. Балабақшада қызмет істейтін апайларға құрмет көрсетіп, топта тазалық сақтай білу сияқты әдептілік дағдыларын қалыптастыру

Үстел үсті ойыны

«Мозайка»

Мақсаты: Балаларға берілген суреттердің бөлігін тауып орналастыра білуге үйрету. Тапқырлықа баулу

Дидактикалық ойын«Бауда әлде бақшада?»

Мақсаты: Балаларға көкөністер мен жемістердің қайда өсетінін атап айтқызу, ажырата білуге үйрету.

 

Дидактикалық ойын 

«Зат неге ұқсайды»

Мақсаты: Балалар бөлме ішіндегі заттардың қандай пішінге ұқсайтынын ажыратып айта білуге үйрету.

 

Саусақ ойыны 

«Бақшадағы қызанақ пен қияр»

Мақсаты: бақша туралы түсінік бере отырып қызанақ пен қияр көкөніс екенін ажырата білуге үйрету

 

Суретпен әңгіме:

«Менің балабақшам»

Мақсаты:

Балалармен балабақша туралы әңгімелесу.

Жаттығулар кешені

Таңғы ас

9.00-9.30

Ойын- жаттығу:Ас ішерде күнде біз

Сөйлемейміз күлмейміз

Астан басқа өзгені

Елемейміз, білмейміз

Ойындар,

(ҰОҚ)

10.00-10.35

Балалармен ұйымдастырылған оқу қызметін ұйымдастыруда  ойындар және баяу қимылды ойын-жаттығулар

Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Достық неден басталады?»

Мақсаты: Балаларға көңіл күй сыйлау топ болмелерімен, заттармен таныстыру, атауға үйрете отырып, сөздегі дыбыстарды анық айтуға үйрету.

Д/ойын: «Біздің балалар қайда екен?»

Мақсаты: Балалардың көңіл-күйін көтере отырып, ойынға қызығушылығын дамыту.

Құрастыру

Тақырыбы: «Тар және кең жолдар»

Мақсаты: Балаларды тар және кең ұғымдарымен таныстыру, құрылыс материалдарымен жұмыс жасай білуге, олардың түсін,пішінін, көлемін ажырата айтуға тәрбиелеу.

 

Д/ойын: «Қандай пішін?»

Мақсаты: Заттардың көлемін көрсету арқылы пішіндермен таныстыру, атауға үйрету.

Жаратылыстану

Тақырыбы: «Балабақша өз үйім»

Мақсаты: Балалардың өз балабақшасына деген ыстық сезімдерін дамыту. Балабақша ауласындағы гүлдер мен ағаштарды күтіп баптауға тәрбиелеу.

 

Д/ойын:«Бақшамызға барамыз»

Мақсаты: Балаларға суреттер арқылы сұрақ қойып сөздік қорын дамыту.

 

Сурет

Тақырыбы:«Қағаз карандашпен таныстыру»

Мақсаты:Карандаштың ізі арқылы балабақша ауласындағы жолдарды бояумен солдан оңға қарай салуға үйрету.

 

Д/ойындар:«Ұқсас затты топта»

Мақсаты:Балаларға әртүрлі заттардың суретін көрсете отырып бірдей заттың суретін топтап жинауға үйрету.

 

Суретпен жұмыс

 

Тақырыбы: «Балабақша»

Мақсаты: Балаларға балабақша суреттерін көрсету арқылы сұраққа жауап беруге үйрету.

 

Д/ойын: «Заттар»

Мақсаты: Балаларға екі түсті заттардың ішінен бір түсті заттарды таңдап топтастыруға үйрету.

Серуен

10.50-11.30

Серуенге қызығушылық  туғызу; балалармен жеке әңгімелесу; серуенге ойын материалдарын таңдау; серуенде балаларды әрекет етуге ынталандыру.

Күнді бақылау

Мақсаты: Күн туралы түсінік беру. Күннің түсін, оның жылуы табиғатқа пайдасы туралы таныстыру.

Тақпақ айту:    Жарқырап күн ашылды,

                          Шуағы жерге шашылды.

                          Біз бақытты баламыз,

                          Күндей өсіп толамыз.

 

Қимылды/ойын: «Күн мен түн»

Мақсаты:Балаларды  ептілікке, жылдамдыққа, ажыратуға баулу.

Ойын  мазмұны: Балалар  бірі « Күн» , екіншісі     « Түн» тобы болып  екіге бөлінеді. Олардың  бір-бірінен бөлек, өз  үйлері  болады. Тәрбиешінің  көрсетуі  бойынша  екі  команда  да жаттығулар жасап тұрады. Тәрбиеші « Күн» деп белгі берген кезде,  сол  топтың  балалары  үйіне  жеткізбей  қуып  жетулері  керек. Қолға  түскен  балалар  қуушылар  қатарына  қосылады. Сөйтіп, ойын  осылайша  алма-кезек  жүріп  отырады. Көп  бала  ұстаған  команда  жеңіске  жетеді.

Серуеннен  оралу

11.30-12.00

Балалардың   киімдерін  шешуі,  гигиеналық   шараларды ұйымдастыру.

Түскі ас

12.00-12.30

Балалардың назарын тағамға аудару ; мәдениетті тамақтануға баулу  бойынша жеке жұмыс; әдеп ережесі.

Түскі ұйқы

12.30-15.00

Балалардың тыныш ұйықтауына  жағымды жағдай орнату.

Біртіндеп ұйқыдан ояту, ауа, су шаралары

15.00-15.30

Баларға әр түрлі қимылда жаттығулар жасату, шынықтыру жұмыстарын жүргізу

Ойын- жаттығу :Сылдырлайды мөлдір су,
Мөлдір суға қолыңды жу.
Жуынсаң сен әрдайым,
Таза  бетің, маңдайың.

Бесін ас

15.30-16.00

Балалардың назарын тағамға аудару ; мәдениетті тамақтануға баулу  бойынша жеке жұмыс

Ойындар, дербес әрекеттер

 

16.00-16.20

 

 

 

Үстел үсті  театры:

«Жеті лақ пен қасқыр » ертегісі

Мақсаты: Балаларға үстел үстінде ертегі кейіпкерлерін көрсету арқылы әңгімелеп беру

Сюжетті-рөлдік ойын:

«Қуыршақты тамақтандыр»

Мақсаты: Балаларға өздері қалаған қуыршақпен ойнауға, тамақтауға мүмкіндік беру.  Ойынға қызығушылықтарын арттыру.

Ойын – жаттығу  «Қуыршықты жуындыр»

Мақсаты: Балаларға тазалық туралы үйрету.

Ірі құрылыс материалдарымен ойындар.

 

Ойын «Кімнің заттары?» (Балабақша заттарын анықтау);

 

Қимылды/ойын:

«Жанды ойыншықтар»

Мақсаты: балаларды аңдардың жүрісін келтіріп жүруге үйрету.

 

Балалармен   жеке жұмыс жүргізу

16.20-16.40

 

Жыл мезгілі туралы әңгімелесу

«Күз»(сурет қарастыру)

Мақсаты:Қарапайым сұрақтарға жауап беруге үйрету.

   Әңгіме құрастыру «Балабақша  туралы әңгімелеп бере»

Мақсаты:баланың сөздік қорын заттардың атауларын білдіретін сөздермен байыту.

Дидактикалық ойын «Ғажайып  қапшық»

Мақсаты: баланың сөздік қорын  ойыншықтардың атауларын білдіретін сөздермен байыту.

Жыл мезгілі туралы әңгімелесу

Мақсаты:қарапайым сұрақтарға жауап беруге үйрету.

Дидактикалық ойын:«Атын атап бер»  

Мақсаты: түсті қабылдауды және қолдың ұсақ моторикасын дамыту.

Серуенге дайындық

16.40-17.00

Киіну: серуенге шығу.

Серуенге қызығушылық туғызу. Балалармен жеке әңгімелесу: « Кім қайда барғысы келеді бар?» және т.б.

Балалардың үйге қайтуы

17.00

Ата-аналарға кеңес:

«Үйде ойын бұрышын  ұйымдастыру».

Кеңес: мысалы:«Егер ата-аналар дүкеннен баланың ұнатқан ойыншығын сатып әпермеген жағдайда, өзін қалай ұстау қажет.

Балалар отбасында өздері  не істей алатындары туралы әңгімелесу.

Кеңес:

«Бала өміріндегі ойыншықтың маңызы».

Ата-аналарға тапсырма беру, жақсы демалуға тілек білдіру

Пікірлер
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий