"3 бала әкесіз қалды" – Қарағандыда теміржолшы поездың астына түсіп, мерт болды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Цифрлық теңге «ойын ережесін» өзгертеді – Тоқаев

Цифрлық теңге «ойын ережесін» өзгертеді – Тоқаев
Фото: akorda.kz

Қазақстанда цифрлық теңгені кеңінен енгізу қаржы жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын түбегейлі өзгертпек. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, бұл құрал бюджет ашықтығын арттырып, транзакциялық шығындарды азайтады және елге инвестиция тарту мүмкіндігін күшейтеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Алматыда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің екінші отырысы өтті. Жиында Мемлекет басшысы әлем жаңа технологиялық кезеңге қадам басқанын атап өтті.

Президенттің айтуынша, қазіргі өзгерістердің қарқыны мен ауқымы индустриялық революциялардан әлдеқайда жоғары. Соның нәтижесінде физикалық және цифрлық кеңістік арасындағы шекара жойылып барады.

Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллектіні жаһандық экономиканың негізгі қозғаушы күші ретінде атап, Қазақстан бұл бағытты стратегиялық басымдық ретінде қарастыратынын жеткізді. Оның сөзінше, елде қажетті институционалдық негіз бен инфрақұрылым қалыптасқан, ендігі міндет – жасанды интеллект технологияларын экономиканың барлық саласына енгізу.

Президент цифрландыру бағытындағы бірқатар нақты жобаларды атады. Атап айтқанда, бірыңғай кедендік платформаның енгізілуі декларация толтыру уақытын бір минутқа дейін қысқартты. Smart Cargo логистикалық жүйесі 127 дереккөзбен интеграцияланып, адал бизнеске шекарадан жылдам өтуге мүмкіндік береді. Ал салықтық әкімшілендірудің жаңа жүйесі құжат өңдеу уақытын бір сағаттан бір минутқа дейін қысқартқан.

Сондай-ақ Smart Data Finance платформасы 78 дереккөзден ақпарат жинап, бюджетке тәуекелі жоғары төлемдерді алдын ала анықтауға мүмкіндік беруде. Ұлттық тауарлар каталогына 23 миллионнан астам өнім енгізіліп, мемлекеттік сатып алуларда жыл сайын 200 миллиард теңгеден астам қаражат үнемдеуге жол ашылған.

Мемлекет басшысы цифрлық экономиканың үлесі жаһандық ІЖӨ-де 15 пайыздан асқанын атап өтті. Бұл бәсекенің деректер мен технологиялар саласына ауысқанын көрсетеді.

Президент цифрлық теңгені кеңінен енгізу қаржы жүйесіндегі «ойын ережесін» өзгертетінін айтты. Оның пікірінше, бұл құрал бюджет ашықтығын арттырып, транзакциялық шығындарды азайтады және елге инвестиция тартуға ықпал етеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда цифрлық активтер мен криптовалюталарды реттейтін құқықтық база қалыптасқанын еске салды. Ендігі мақсат – елді аймақтағы жетекші криптохабқа айналдыру.

Жиында Президент «нақты уақыт экономикасына» көшу қажеттігін де атап өтті. Оның айтуынша, жасанды интеллект негізіндегі жүйелер күмәнді транзакцияларды алдын ала анықтап, бюджет қаражатының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Сөз соңында Мемлекет басшысы цифрлық трансформацияда жеке сектордың рөлі маңызды екенін айтып, Үкіметке бизнесті ынталандыратын нақты шаралар әзірлеуді тапсырды.

Автор
Асқар Алтайұлы

Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.