БЖЗҚ кірісі: Ұлттық банк "екі шоқып, бір қарап" отыр ма?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

БЖЗҚ кірісі: Ұлттық банк "екі шоқып, бір қарап" отыр ма?

БЖЗҚ кірісі: Ұлттық банк "екі шоқып, бір қарап" отыр ма?
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy

Жыл басынан бері Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық табысы 794,85 млрд теңгені құрады.

Қор деректеріне қарағанда, бұл табыстың басым бөлігі қаржы нарықтарындағы өсімнен емес, тұрақты пайыздық төлемдерден түскен екен. Атап айтқанда, облигациялар, депозиттер және айналым операциялары бойынша алынған сыйақы көлемі 928,7 млрд теңгеге жеткен. Бұл зейнетақы активтерінің негізгі кіріс көзі ретінде тіркеліп отыр.

Алайда, шетел валюталары бағамының жиі өзгеруі инвестициялық нәтижеге кері әсер етіп, табысты шамамен 189 млрд теңгеге қысқартқан көрінеді. Яғни, валюта нарығының құбылуы қор кірісінің бір бөлігін төмендеткен.

Сарапшылардың пікірінше, бұл көрсеткіштер құбылмалы қаржы нарықтары жағдайында тұрақты табыс әкелетін құралдардың, әсіресе облигациялардың маңызы артып отырғанын көрсетеді. Нәтижесінде зейнетақы портфелінің табыстылығы көбіне бағалы қағаздардан түсетін тұрақты пайыздық төлемдер есебінен қамтамасыз етілген.

Жалпы, 1-маусымдағы жағдай бойынша Ұлттық банктің басқаруындағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 26,4 трлн теңгеге жетті.

Тоқетерін айтқанда, БЖЗҚ кірісінің негізгі бөлігін қор нарығындағы баға өсімі емес, облигациялар мен депозиттерден түсетін тұрақты пайыздық төлемдер қалыптастырып отыр. Бұл зейнетақы активтерін басқаруда сақтық пен тұрақтылыққа басымдық беріліп отырғанын аңғартады. Яғни, Ұлттық банктің "екі шоқып, бір қарап отырғанын" түсінуге болады.

Автор
Қалмаханбет Мұқаметқали

Қалмаханбет Мұқаметқали, журналист. І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің түлегі. Журналистикада 33 жыл еңбек етуде. Еңбек жолын аудандық газетте бастап, республикалық басылымдарда басшылық қызметтер атқарған.