Үш қабатты ғимаратты 2026 жылдың соңына дейін пайдалануға беру жоспарланған, деп хабарлайды kznews.kz.
Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай құрылыс алаңына барып, жұмыс барысымен танысты. Аумағы 3 500 шаршы метр болатын вокзалдың құрылысы 2025 жылы басталған. Қазір ішкі әрлеу мен инженерлік жүйелерді орнату жұмыстары шамамен 90 пайызға орындалған. Құрылысқа 130-дан астам жұмысшы мен 15 арнайы техника жұмылдырылған.
Вокзалда лифтілер мен эскалаторлар орнатылады. Екінші қабатта кофехана, сауда дүңгіршектері, бутиктер, коворкинг пен демалыс аймақтары болады.
Нұрдәулет Қилыбай мердігерге құрылыс қарқынын бәсеңдетпей, сапа мен қауіпсіздік талаптарын сақтауды тапсырды. Сондай-ақ құрылыс пен абаттандыру жұмыстарын белгіленген мерзімде аяқтап, вокзалды пайдалануға беруге қажетті құжаттарды уақытылы рәсімдеуді міндеттеді.