KZNEWS.KZ
Жаңалықтар

Бұрынғы Сенат депутаты жаңа лауазымға ие болды

Қайсар Қанат
Геннадий Шиповских. Фото: ашық дереккөзден

22 қыркүйекте Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді. Оның мүшелерінің қатарында Геннадий Шиповских те бар.

Ол жаңа міндетіне қатысты пікірін әлеуметтік желідегі парақшасында жариялап, өзіне көрсетілген сенім үшін алғыс білдірді.

"Құрметті достар бүгін Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Халық Кеңесінің құрамына ендім.

Бұл – мен үшін үлкен мәртебе әрі зор жауапкершілік. Маған сенім білдіргені үшін Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа QASYM-JOMART TOQAYEV шынайы алғысымды білдіремін!

Алда атқаратын жұмыс көп. Еліміздің дамуы үшін бар күш-жігерімізді салып, еңбек етуге дайынбыз!", – деп жазды ол.

Қайсар Қанат
Журналист. Блогер. Фрилансер
Автордың басқа материалдары →