Бұрынғы Сенат және Мәжіліс депутаты Геннадий Шиповских Қазақстан Халық Кеңесінің құрамына енді.
22 қыркүйекте Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді. Оның мүшелерінің қатарында Геннадий Шиповских те бар.
Ол жаңа міндетіне қатысты пікірін әлеуметтік желідегі парақшасында жариялап, өзіне көрсетілген сенім үшін алғыс білдірді.
"Құрметті достар бүгін Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Халық Кеңесінің құрамына ендім.
Бұл – мен үшін үлкен мәртебе әрі зор жауапкершілік. Маған сенім білдіргені үшін Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа шынайы алғысымды білдіремін!
Алда атқаратын жұмыс көп. Еліміздің дамуы үшін бар күш-жігерімізді салып, еңбек етуге дайынбыз!", – деп жазды ол.