Кенесары ханды қорлаған қыздарға қатысты қылмыстық іс қозғалды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Бұрынғы елші Мәди Атамқұлов жаңа қызметке тағайындалды

Бұрынғы елші Мәди Атамқұлов жаңа қызметке тағайындалды

Қазақстанның Сербиядағы бұрынғы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мәди Атамқұлов жаңа қызметке тағайындалды. Ол Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің кеңесшісі қызметіне кірісті.

Мәди Бәкірұлы Атамқұлов 1974 жылғы 27 қарашада Алматы облысында дүниеге келген.

Ол Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін және Қазақстан Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Дипломатия институтын тәмамдаған. 2003 жылы Пәкістан Сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық біліктілікті арттыру курстарынан өткен.

Атамқұлов еңбек жолының алғашқы кезеңінде мемлекеттік емес секторда түрлі қызмет атқарған. 2003 жылы Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ТМД істері жөніндегі комитетінде бірінші хатшы болып дипломатиялық қызметке келген.

2006 жылдан бастап СІМ Мемлекеттік протокол қызметінде бөлім бастығы болып еңбек етіп, кейін осы құрылымның басшысына дейін көтерілді.

2014–2015 жылдары Қазақстан Парламенті Сенаты аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарды. 2015 жылдан бастап Қазақстан Президенті Протоколының басшысы болды.

2021 жылғы шілдеде Мәди Атамқұлов Қазақстанның Сербиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды. 2026 жылғы 10 шілдеде Президент жарлығымен бұл қызметтен босатылды.

Мәди Атамқұлов І сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежесіне ие.

Айта кетейік, Мәди Атамқұлов – бұрын Қазақстанның сыртқы істер министрі, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі қызметтерін атқарған Бейбіт Атамқұловтың інісі.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер