KZNews.kz
Әлем

«Бурдж Халифа» Қазақстан туымен безендірілді

Ayzhan Sylanova
Фото: видеодан скриншот

Қазақстанның Дубайдағы консулдығы жариялаған видеода алып мұнараның бетінде Мемлекеттік ту бейнеленіп, Қазақстан әнұраны әуеледі.

«Біріккен Араб Әмірліктері Қазақстанды Республика күнімен құттықтады!» – деп жазылған жазбада.

Айта кетейік, «Бурдж Халифа» ғимараты Қазақстанның мерекелеріне орай осылайша бірнеше рет жарықтандырылған. Бұған дейін, 2022 жылдың желтоқсанында мұнара Тәуелсіздік күніне арналған жарық шоуымен қазақ туының түсіне боялған болатын.

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары